Bugin

Сенат депутаты: Дау-жанжалға себеп болған Анар Қайырбекова неге ректор болып отыр?

Лайық па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жақында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалған Анар Қайырбекованы қызметтен алып тастау туралы үкіметке ұсыныс білдірді.

- Білім министрлігі білім мен ғылым саласында қордаланып жатқан мәселелерді шешумен айналысудың орнына қайдағы бір дау-жанжалды шешуге мән беретін болған ба?! Сіздер Анар Қайырбекованың Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалғанын хабардарсыздар ма? Оның вице-министрге арыз жазып, дау-жанжалдың ортасында қалғанын білесіздер. 2014 жылдан бері оған қатысты 16 қылмыстық іс ашылған екен. Бұл қылмыстық істер қазір қаралып жатыр ма әлде жабылып тынды ма? Оның ректор болып тағайындалуы қаншалықты заңды? – деді Бақтиярұлы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа қарап.

Ал Сапарбаев болса, жоғары оқу орнының ректоры болып мінсіз абыройы бар адамдар ғана тағайындалатынын жеткізді.

Ал Анар Қайырбекова болса, өзіне қатысты ашылған қылмыстық істің жоқтығын, болмағандығын мәлімдеді. «Менің басымда қылмыстық іс те, әкімшілік іс те жоқ» деді Қайырбекова әрі сенаторды жала жапты деп айыптады.

Айта кеткеніміз жөн, Білім министрлігіне қарасты Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі департамент директоры болып отырған кезінде Анар Қайырбекова жауапты хатшы Арын Орсариев пен вице-министр Рустем Биғариді қызмет көрсету жөніндегі келісімшартқа күштеп қол қойғызып, ақшаны өздері «иемденіп» алды деп айыптаған еді. Кейін Арын Орсариев те, Рустем Биғари де Қайырбекованың айыбын жоққа шығарған болатын.

Tengrinews.kz