Weekend

Өнердің ақ ордасында

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Асқақ арманым жетелеп, бала түйсігім алдамай, осыдан 2 жыл бұрын менде алматылық студент атандым. Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы - медиажурналист мамандығын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз білім ордасы. 

Талайлардың қол жетпес арманына айналған бұл академия таланттарымен мақтанады. Театр жəне драма əртістері, эстрада жəне вокал əншілері, бишілер, кино жəне театр драматургтары, режиссерлар мен продюссерлер, сыншылар, медиажурналистер мен операторлар, дизайнерлер, суретшілер өнердің ақ ордасында бірлесе болашаққа сенімді жоспар құруда. 

Осы мақсатта, білімді, тəжірибелі, қажырлы оқытушылар біздің əрбіріміздің сөзсіз өз ісінің шебері атанып, көзі ашық тұлға болуымызға жетелейтіні анық. Егер сізде медиажурналист мамандығын таңдап, теңдесі жоқ ілім мен білім болар ғанибетті қалт жібермеуге, қоржыныңызды байыту бағытында мүмкіндігіңізді жіберіп алмауға тырыссаңыз, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына шақырамын. 

Арманымызға бір табан болсын жақындау - келешегіміздің кепілі боларына кəміл сенемін.