Спорт
Жыл жекпе-жегі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін Тони Фергюсонға қарсы өткізеді, — деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы. Бұл туралы ресейлік спортшының менеджері Али Абдельазиз мәлімдеді.
– Кеттік. Чемпион Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек үшін келісімшарқа қол қойды. Бұл жігіт көптен бері таяқ жегісі келіп жүрген. 18 сәуір. Бүркіт Бруклинге тағы бір рет қонады. Бәрі жанкүйерлер үшін, – деп жазды менеджер.
Естеріңізге сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 7 қыркүйекте Абу-Дабиде өткен UFC 242 турнирінде америкалық Дастин Порьерді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді.