Bugin
Аида Балаева
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі Аида Балаева Шымкент тұрғындарын қабылдайды.
Бұл Елімізде азаматтарды қабылдаудың бірыңғай ұлттық күні бекітілуіне байланысты ұйымдастырылып отыр. Аида Балаева ел тұрғындары көбіне әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі, баспана алудағы қиындықтар, сот шешіміне наразылық және құқық қорғау органдары салғырттығына қатысты мәселелерді жиі көтеретінін атап өтті.
- Қолда бар мәліметтер бойынша бүгін 8 мың адам қабылданды. Әсіресе, Алматы және Жамбыл облыстарында белсенділік жоғары. Бұған қоса, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары да алдыңғы қатарда, – дейді ол.
Одан бөлек, Шымкент қаласының Әділет департаменті 27 қараша күні нотариус пен адвокаттар азаматтарды қабылдап, мемлекеттік жәрдем ақы алу, алимент өндіру, жерді заңдастыру бойынша сауалдарға жауап берді.