Weekend

Абайдың 175 жылдығы: Шымкент балабақшасында шара өтті

Белсенділік

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қаласындағы №47 «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасында Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырылды. «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты мерейлііс-шараға Әл-Фараби ауданының әкімі ҒабитМәуленқұлов және ата-аналар қатысты.

Жиында болашағынан үміт күттірген бүлдіршіндер ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып беріп, ән шырқады. Балабақша басшылығы ұлы ақынның мерейтойына орай әр айға іс-шаралар жоспарлаған.

- Мақсатымыз – ұлы кемеңгер, ойшыл ақынымыз Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, жас ұрпаққа насихаттау. Дара тұлғаның өлеңдері арқылы бүлдіршіндерге адами қасиеттерді сіңдіру. Осылайша, өскелең ұрпақ ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, оның шығармашылығына қызығушылық танытады. Бұл іс-шараны ұйымдастыруға ата-аналар да ерекше белсенділікпен атсалысты, - дейді балабақша меңгерушісі Гүлмира Тойбаева.

Айта кетсек, «Алтын бесік» – қаламыздағы үздік бөбекжай-балабақшалардың қатарында. Мекеменің шығармашылық тобы республикалық байқауларда жоғары көрсеткішке ие болып жүр. 1967 жылы негізі қаланған балабақшада бүгінде 20-дан астам педагог 220 бүлдіршінге тәлім береді.