Bugin
Тұрғындар үшін жағымды жаңалық!
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]№ 4 және №8 бағыттары бойынша жаңа қоғамдық көліктер жолға шықты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
- Егер бұрын автобус Х.Досмұхамедов атындағы АМУ және Атырау мұнай және газ университетінде аялдама болса, қазір Махамбет көшесінің бойындағы Орталық көпір арқылы тікелей «Дина» базарына дейін жүреді. №8 жаңартылған маршрут бағыты өзгермейді – Ширина ауылдық округінен бастап Береке ықшамауданына дейін (Контейнер),- дейді Смарт Атырау ҚМУ директоры Әділбек Танкиев.
Айта кетейік, жаңа автобустар сатып алуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Қоғамдық көлік «БРК-Лизинг» АҚ операторы болып табылатын автобус паркін жаңартудың жаңа бағдарламасы бойынша сатып алынды.