Саясат

Депутаттар өз жұмыстарын жарнамалауға бюджеттен 460 млн теңге бөлуді ұсынды

Мемлекеттік тілді дамыту

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сенат палатасы атқарылған жұмыстарды БАҚ-та жарнамалау үшін бюджеттен 460 миллион теңге бөлуді ұсынды.

Сенат 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерту енгізуді ұсынып, Мәжіліске қайтарды. Ол өзгертулерге сай, бюджеттен қосымша 40,8 миллиард теңге бөлу жоспарланбақ. Оның ішіндегі 15 миллиар теңге 2020 жылға арналған. Сенат қаулысына сәйкес, қосымша қаражат бюджеттің өзге салаларынан алынатын болады. Енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Мәжіліс мақұлдауы тиіс.

Бұдан басқа, депутаттар "Сенат жұмысын БАҚ беттерінде насихаттауға қосымша 460 миллион теңге бөлуді" ұсынды. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы "Евразия" телеарнасына қосымша 1 миллиард теңге бөлу туралы ұсыныс айтылды. Ондағы мақсаты – арнадағы бағдарламаларды дамыту және мемлекеттік тілдегі жобалар санын арттыру.