Weekend

Аш болсаң өзіңе ұқсамайсың: Ержүрек тиін әлеуметтік желіні бір шулатты

Адамнан қорықпайтын тиін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қарқынды дамып келе жатқан TikTok әлеуметтік желісінде ержүрек тиынның видеосы 90 000 адамға ұнады.

TikTok әлеуметтік желісінде мына бір видеоролик өте танымал болды. Видеода ержүрек тиін адамның қолындағы жаңғақты еш қорықпастан алып жейді. 

90 000 лайк қойып үлгерген бұл видеода саябақта бір адам тиінді көріп қалып, оған қолындағы жаңғақты ұсынып қолын созады.

Адамды көре сала сүйкімді тиін қорқып, ағаштың артқы жағына тығыла жөнеледі.

Артынан қолын созып ұсынып тұрған адамнан жаңғақты алуды ойлап, тиін екі қолымен алмақшы болады. Бірақ жерге құлап кетеді. Байқап видеоға түсіріп тұрған адамдар оған күледі.

Екінші рет бағын сынап тиін ақыры жаңғақтарға жетіп, олардың дәмін татады. Жаңғақтың дәмі тәтті болғаны соншалық - тиін адамның қолында еш уайымсыз жеп алады. Тіпті, видеоға түсіріп тұрған адамдардан да қорықпайды.

Болған оқиғаны әлеуметтік желі қолданушылары белсенді талқыға салып, видео астында 500 пікірдей қалдырған.