Саясат

Алматы дарыны: Сағынтаев қаланың талантты оқушыларының ұсынысын қолдады

«Алматы дарыны» ерекше төсбелгісіне кімдер ие болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласы таланттылар мен дарындылардың басын біріктіретін киелі мекен. Бұған дәлел, осы жылы алып шаһардағы 352 оқушы 90 алтын, 124 күміс, 138 қола медальдарға ие болды. Міне, бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының дарынды оқушылардың еңбегін ескере отырып, олардың «Алматы дарыны» төсбелгісін белгілеу жөніндегі ұсынысына қолдау білдіретінін жеткізді.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев баланың болашағына сенім білдіріп, арманын ұштауға барын салып жүрген ата-аналар мен мұғалімдердің зор құрметке лайық екенін айтты.  

«Бүгін халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атанған алматылық оқушыларды құттықтадым. Олардың жеңісі - балалардың ерен еңбегінің нәтижесі, олардың бойындағы ерекше дарынды ашқан және оны дұрыс бағытқа бұра білген ата-аналар мен педагогтардың еңбегі»,- деп жазды Алматы әкімі өзінің әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында.

Сағынтаевтың айтуынша, биылғы жылы 11-сынып оқушылары республикалық байқауларда жақсы көрсеткіш көрсетіп, жалпы пәндік олимпиадаларда бірінші орынды иеленуде.

«Биылғы жылы 352 оқушы 28 зияткерлік және шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары атанды. Олардың қоржынында 90 алтын, 124 күміс, 138 қола медальдар бар. Біздің балаларымыз 11-сынып оқушылары арасындағы президенттік олимпиадада, ғылыми жобалар бойынша өткен республикалық байқауларда және жалпы пәндік олимпиадада командалық бірінші орынды иеленіп жүр», – деп жазды Алматы әкімі.

Сонымен бірге ол оқушылардың «Алматы дарыны» ерекше төсбелгісін белгілеу жөніндегі ұсынысына қолдау білдіретінін айтты. Төсбелгінің дизайнын балалардың өздері жасайды, ал оны оқу жылы аяқталғанда оқушыларға тапсырады.