Weekend

Алматыда «Бастау-2019»

Кинофестиваль

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Желтоқсан айының 3/7 аралығында Алматы қаласында халықаралық "Бастау" студенттер және дебюттік фильмдер фестивалі өткізілді.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына әлемнің 23 елінен 43 фильм қатысты.

Негізгі қазылар алқасымен қатар Қырғызстан, Армения, Қазақстан, Беларусь, Ресей елдерінің өкілдерінен топтастырылған студенттік қазылар алқасы да жұмыс істеді.

"Bastau Debuts" деп аталатын жаңа конкурстық байқауға 10 толықметражды дебюттік фильмдер ұсынылды. Әділ қазылар алқасы Михаил Сегал, Нелли Уварова, Роберто Куэто, Фархат Абдраимов және Дени Васлин болып тағайындалса, "Bastau shorts" қысқаметражды фильмдеріне Гела Баблуани, Рано Шадиева, Игорь Сукманов, Александр Пашков, Шарипа Уразбаева қазылық етті.

Гран при иегері  Оңтүстік Кореялық режиссер Чон-Сын-О атанды.

Жабылу салтанатында "Бастау" фестивалінің президенті Сергей Азимов қонақтарға, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.