Саясат

Шымкент: Семей полигонының жабылғанына 28 жыл

Ескерткіш тақта

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қаласындағы Ж.Тəшенов және Бекет Батыр көшелерінің қиылысында орналасқан "Семей ядролық сынақ полигонының" құрбандары мен ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаны ашу рәсімі өтті.

Салтанатты шараның ашылуында сөз алған Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерлан Керімбеков жиылған қауымды алдағы келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ескерткіштің қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін айтып өтті.

"Ядролық соғыс қаупінен Отан қорғаушы-ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Мəмбетов жиналғандарды тарихи ескерткіштің ашылуымен құттықтап, аталған полигонның жабылуына Елбасы Н.Назарбаевтың қосқан үлесі жөнінде айта келе, өскелең ұрпақ үшін оның құндылығы жоғары екенін атап өтті.

Семей полигонының жабылғанына 28 жыл толып отыр. 1991 жылдың тамыз айында Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей ядролық полигоны жабылды. Аталған полигонда 1949-1989 жылдар аралығында 456 ядролық сынақ жүргізілген болатын. Қазірде Шымкент қаласында Семей ядролық сынақ полигонының 1000-нан астам ардагері тұрады.