Саясат

Бақытжан Сағынтаев Алматының жеңімпаз оқушыларын құттықтады

Алматы әкімі оқушылардың "Алматы дарыны" ерекше төсбелгісін белгілеу жөніндегі ұсынысын қолдайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атанған алматылық оқушылармен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram-парақшасына жазды.

Биыл Алматының 352 оқушысы 28 зияткерлік және шығармашылық сайыстардың жеңімпазы атанды. Олардың қоржынында 90 алтын, 124 күміс, 138 қола медаль бар. Біздің балаларымыз 11-сынып оқушылары арасындағы президенттік олимпиадада, ғылыми жобалар бойынша өткен республикалық байқауларда және жалпы пәндік олимпиадада командалық бірінші орынды иеленіп жүр, – деп жазды қала басшысы.

Бақытжан Сағынтаев оқушылардың “Алматы дарыны” ерекше төсбелгісін белгілеу жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді. Төсбелгінің дизайнын балалардың өздері жасайды. Төсбелгі оқу жылы аяқталғанда оқушыларға тапсырылады.