Спорт
Алматыда қазақ күресінен өткен "Әлем барысы" төртінші абсолюттік әлем чемпионатында әлемнің 30 елінен келген балуандар күш сынасты
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Чемпионатқа АҚШ, Австралия, Бразилия, Италия, Грекия, Испания, Камерун, Куба, Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және тағы басқа елдерден 33 балуан қатысты. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына жазды.
Күрес нәтижесі бойынша “Әлем барысы” атағын ресейлік балуан Роман Бобиков жеңіп алды. Қазақстандық Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов күміс пен қола белбеулерінің иегерлері атанды, – деп жазды қала басшысы Instagram-парақшасына.
Чемпиондық белбеу бір рет Кубаға кетті. Екі рет Қазақстанда қалған еді. Енді Ресейге аттанады.