Weekend
Жұмыс табуға тырыспайтындардың үлесі қанша?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Жастар әрдайым прогрестің қозғаушы күші болып табылатын өмірдің барлық салаларындағы жаңа өзгерістерге барынша бейім халықтың белсенді және бастамашыл бөлігі болып табылады.
ҚР статистика мәліметтері бойынша NEET (NEET - NotinEmployment, Educationor Training) яғни, жұмыс істемейтін, оқымайтын және жас адамның жұмысын табуға тырыспайтындар үлесі Шымкентте 2018 жылдың қорытындысы бойынша 9,1% құраса (республика бойынша 8,8%), 2019 жылдың І-тоқсанында 7,9%-ды (республика бойынша 8,8%) құраған.
2018 жылы Түркістан (13,3%) және Қарағанды (12,5%) облыстары қолайсыз жағдайға қарай неғұрлым қатты ауытқыды, NEET жастар үлесінің ең аз көрсеткіштері Батыс Қазақстан (2,9%) және Қостанай (4,9%) облыстарында тіркелді. Бұл ретте Шымкент қаласы әлеуметтендірудің ешқандай әдістерімен қамтылмаған 15-28 жастағы жастардың ең көп үлесімен 4-ші орынды алады
Жастардың NEET категорияларына жататын жастар көбіне қала базарларында, техникалық қызмет көрсету орталықтарында, кафелерде және т.б. шоғырланған.
• Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында «Аутрич, NEET жастармен жұмыс» бөлімі ашылып, 4 ауданда арнайы жұмыстар жүргізілуде.
• 2019 жылы қаладағы 20 базарлардан «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ашылды. Орталықта кеңес беру, ақпараттық қолдау көрсету, спорт түрлерінен тұрақты шаралар ұйымдастырылып келеді.
• «Жаңа өмір» жобасы жүзеге асырылып, 4 кешенді шаралар (психолог, заңгер, социолог) қатысуымен жеке кездесулер ұйымдастырылып, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес беріліп, жұмыспен қамтылады.
• Қаладағы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастарды қоғамға бейімдеу және оңалту бойынша арнайы футбол лигасы құрылды. Лиганың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 5 кездесу өткізіліп, белсене қатысушылар марапатталды.
• Қаладағы маргиналды жастарды «Өзін-өзі дамыту психологиясы» (өмірде өзін қалай табу керек) және «Жаңа жұмысқа бір қадам»тақырыптарында жас жұмыс іздеуші азаматтарға арналған әлеуметтік кәсіби бағдарлау бойынша 2 семинар-тренингі өткізілді.
• «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікке баулу шаралары ұйымдастырылуда.