Weekend

Асқар Білісбеков «Akimat LIVE» бағдарламасында тұрғындар сауалына жауап береді

АҚ басқармасының төрағасы сауалдарға жауап береді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сейсенбі, яғни ертең, 10 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-де «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирі өтеді. Бұл жолғы эфирде «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Білісбеков қала тұрғындарының сұрағына жауап беретін болады.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасына қоятын сұрақтарыңыз болса, мына нөмірге жіберсеңіздер болады: WhatsApp 8 777 046 33 33. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі парақшаларда да қойсаңыздар болады.

Сондай-ақ сұрақтарыңызды тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалып, қоюға болады.

Бағдарламаны Аlmaty.tv арнасының Facebook және YouTube-тегі парақшаларынан тікелей эфирде көре аласыздар.