Weekend
Парасаттылық
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Бүгін Шымкент қаласында "Парасаттылық алаңы – 2019" атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Саз колледжінде өткен жас ақындар мүшәйрасын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті, парасаттылықты кеңінен насихаттау.
Аталған іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді дарындарымен тәнті етті. Сонымен қатар, мүшәйра қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61