Weekend
Жиі қойылатын сауал
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Аталмыш сауалға жауап берген Шымкент қалалық туризм басқармасының мамандары қазақстандықтар мен шетелдіктерді Шымкентке тартатын гастротуризм мен сакральды орындар екендігін айтады.
Әсіресе, асхана туризмнің Шымкент қаласы үшін маңызы өте зор.
- Ең алдымен, Шымкент қаласы дегенде дәмді әрі арзан тағам ойға оралары хақ. Одан кейін жылы, жайлы климат көзге елестейді. Ассоциация сондай. Шымкент қаласына алыс-жақын елдімекен мен шетелден дәмді ас ішу үшін келеді. Одан кейін, сауда-саттық жасау үшін, - дейді Туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.
Одан кейін, Шымкент қаласына туристтерді тартатын дүние – Түркістан қаласына қарай жол тартатын киелі орындарға сапардың Шымкент қаласынан басталатыны.
- Шымкент қаласының маңындағы Сайрам ауданында Түркістанда кесенесі орналасқан Қожа Ахмет Ясауидың ата-анасының кесенелері орналасқан. Қазақстанның оңтүстігінде қажылық бағытына кіретін ең қастерлі екі мавзолей Сайрам аумағында орналасқан. Бұл – Қожа Ахмет Ясауидің ата-аналары Қарашаш ана мен Ибрагим ата кесенелері, түркі халқының қасиетті мекені, - дейді Азамат Қалқабаев.