Bugin

Шымкентте жаңа аграрлық индустриалды аймақ құрылады

Ауыл шаруашылық

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қаласында өткен Орталық Азия сауда форумында Шымкент қаласы маңында жаңа аграрлық индустриалды аймақ құрылатындығы айтылды. Мұны Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының басшысы Әбілсейіт Рабаев айтты.

Ол шетелдіктерге аграрлық аймақтың қалай жүзеге асырылатындығын түсіндірді. Қазір түрлі тақырыптарда пленаралық отырыстар өтуде. Орталық Азия елдері мен шет мемлекеттен келген қатысушылар өзара тәжірибе алмасуда.

Ал Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов форумда Шымкент қаласының сауда-саттық пен жаңа өндіріс инвестициясының орталығына айналатынын мәлімдеді.

Ол үшін қала аумағында қарқынды бау бақшаны көбейтіп, жылыжайларды көбейту керектігін алға тартты. Осы мақсатта 169 гектар аумақта инфрақұрылым жүзеге асырылмақ. Бұған Түркістан облысы да көмекке келмек.