Саясат

Алматы әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті

Жетісу ауданында 2021 жылдың соңына дейін 152 көшеге 160 шақырым су құбыры мен кәріз желілері тартылады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл ауданның тұрғындарымен 23 тамызда кездескен еді. Ол кезде тұрғындардың сұрақтары негізінен әлеуметтік тағықырыпта және коммунал инфрақұрылымқа қатысты болды. Ол мәселелер "Шетсіз қала" қағидасына сай шешіліп жатыр. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-парақшасына жазды.

Жетісу аудананының Палладин көшесіндегі 309 үйді заңдастыру мәселесін жүйелі түрде шештік. 99 құжат жер комиссиясының қарауына ұсынылған, қалғандарына қатысты жұмыс жүріп жатыр. 2021 жылдың аяғына дейін 152 көшеге 160 км су құбыры және кәріз желілерін тартамыз. Соның арқасында тұрғындар ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. "Алатау жарық компаниясының" балансына иесіз 66 километр электр желісі беріледі, - деп жазды Бақытжан сағынтаев Instagram-парақшасына.

Қала басшысы аудан тұрғындары көтерген өзге де мәселелерді шешу үшін Ашық есік күндері тұрақты өтетінін де айтты.