Weekend
Туризм
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қазіргі уақытта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Шымкент қаласының цитадель бөлігі алдағы уақытта үшінші мегаполистің ғана емес, бүкіл Қазақстанның туристтік брендіне айналады.
Мұны Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы мәлімдеп отыр.
- Бекініс-қамалдың қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Цитадельдің ішіне XVI, XVII, XVIII, XX ғасырда салынған ғимараттар қалпына келтіріледі. Одан бөлек, қамалдың ішінде үлкен Амфитеатр салынып, ашық аспан астындағы сахна ретінде қойылады. Ол 650 орындық етіп салынбақ. Бұл жұмыстар наурыз айына дейін аяқталады. Одан әрі Тәуелсіздік саябағына қарай өтетін жаяу жүргіншілер жолы қаланады, - дейді басқарманың бөлім басшысы Раушан Айғазиева.