Саясат

Қазаққа заң керек

Ел болам десең - заңыңды түзе!

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жақында тәуелсіздігімізге 28 жыл толады. Аз да болса, бір адамның ғұмырындай уақыт. Еркіндік алған бірінші күннен бастап салыстырсақ, Қазақстан әлдеқайда гүлденген, сәл-сәл дамыған мемлекет. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып тағысын тағы, әупіремдеп болса да құндылығын байқата бастады. Әрине, оның бәрі халықтың арқасы десеңіз, жұрттың айтқаны, жазып жариялағаны - «Ит үреді, керуен көшеді». Отаршылдықты көрген үлкендер куә, көрмеген біз куә бәрі Елбасының арқасы. Бізге керегі еліміздің мәңгілік тарих сахнасында бүгінгіден де жоғары қалпында қалуы. Ел болу үшін ұлт, ғылым-білім, маңыздысы жүйелі заң. Заңсыз құлдырау оңай, даму мүмкін емес.

Қонақжай еліміздің заңы да шетелдіктер үшін, олардың бізге келіп «қазақстандық» атанып кетуіне де ыңғайлы. Мәселен, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Есенгүл Кәпқызының «Қай елдің азаматысыз?» атты мақаласында былай жазылған: «Америка азаматы атану үшін онда кемінде тұрақты он жыл тұруымен қатар, АҚШ тарихынан, географиясынан және мемлекеттік тілінен емтихан тапсырасың және ең маңыздысы – Библияны ұстап тұрып, АҚШ үкіметіне ант бересің. Ал көрші Ресейде орыс тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейді». Міне, нағыз жүйе, ұлтқа деген құрмет. Журналистің айтуынша, Қазақстанның Азаматтық туралы заңында ондай талап жоқ, тек бес жыл тұрсаң жетеді, ешқандай да емтихансыз біздің елдің азаматы болып шыға келесің. 2015 жылы жарияланған мақала авторы, қазіргі мәселелерді де сол кезден-ақ көтерген. Қытай зауыттарының пайда болуы, техниканы жақсы меңгерген деген сылтаумен қысық көзді көршілердің де қоныс аударуы. Жалпы, осы шамадағы мәселелер халыққа ғана әсер ететін сияқты. Кейде, биліктегілер шәкіртақы үшін сабақ оқитын студенттер сияқты, айлық алу үшін жұмыс істейтіндей көрінеді. 

Ердоған бір сөзінде: «Түрікпін, бірақ ұлтшыл емеспін» деген еді, біз де «Ұлтшыл емеспіз, бірақ Қазақпыз!» деген ұранға салып, неге түйіні шешілмеген қиындықтармен жүйелі түрде күреспеске?!

Қорытындылай келе, қолда бар алтынның қадірін білген жөн. Кез-келген бақыт не қайғының арасы бір-ақ күн. Қазақстан – көпұлтты мемлекет екені рас, бірақ қай қазақ болмасын елінің көптілді болғанын қаламайды. Қонақ - үш күн қонақ, деген екен бұрынғылар. Асымызды ішіп, аяғымызға түкірмесе болғаны. Әйтпесе, елдің байлығын ұрлап жатқан кейбір шенеуніктердің өзі қазақ даласында дүниеге келді десек, шетелдіктерден не үміт, не қайыр."Азаматтық туралы" заңға өзгеріс керек!