Саясат
Марк Левин: Трамп еврей болмаса, онда болуы керек
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Консервативті радио ток-шоуының жүргізушісі Марк Левин АҚШ президенті Дональд Трампты алғашқы еврей президент деп атады. Бұл туралы The Hill хабарлайды.
- Мен үшін бұл жерде Штаттардың алғашқы еврей президентімен бірге болу үлкен құрмет. Егер ол еврей болмаса, онда ол болуы керек, - деді ол Ақ үйде еврейлердің Ханука мерекесінде сөйлеген сөзінде.
Басылым Трамптың бұл сөздерге жай ғана жымиғанын хабарлады. Америка лидерінің ұлты еврей емес екендігі және оның қызы Джаред Кушнерге тұрмысқа шыққаннан кейін ғана иудаизм дінін қабылдағандығы айтылады.
Трамп әкімшілігі қараша айының ортасында Палестина территориясындағы израильдік қоныстар бойынша бұрынғы президент Барак Обаманың жұмысын қайта қарап, оларды заңды деп таныды.
2017 жылдың желтоқсанында америкалық көшбасшы Иерусалимді Израильдің астанасы деп танып және АҚШ елшілігін сол жерге ауыстыратындығын жариялаған еді. Әлемдік қауымдастықтар америкалықтардың үлгісінен бас тартуда, өйткені Иерусалимнің шығыс бөлігі Израильге 1967 жылғы алты күндік соғыс кезінде қосылған болатын.