Weekend

Шымкент қаласының туризм басқармасы қандай жұмыстар жасады?

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазір Шымкент қаласының туризм басқармасы көне қаланы турисификациялау мен музейфикациялау бойынша жұмыс жасап жатыр. Әсіресе, Сайрам ауданындағы киелі орындарды қалпына келтіру, реновациялау жұмыстары қолға алынған.

- Туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында туризм басқармасының ұсынысымен Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік деңгейдегі ТОП-50 Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне «Ескі қалашық» кешені енгізілген, - дейді Шымкент қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Қалқабаев.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2GIS электрондық навигациялық жүйесіне енгізілетін «Сайрамның сакралды объектілері», «Жастарға арналған», «Фотоаймақтар» және т.б. жаңа дербес бағыттар әзірленді.

Сервисті жақсарту мәселесі бойынша туризм саласында кәсіби кадрларды даярлау мәселесі маңызды болып табылады.

- Қоғам белсенділері, туризм мамандары, туризм инструкторлары тарапынан Шымкент қаласында «Жас туристер станциясын» құру ұсынылып отыр және оны жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын, - дейді бөлім басшысы.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Шымкент қаласының такси көлігінің қызмет сапасын арттырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Taxi» ассоциациясының үлгісінде таксомоторлы компанияларды бірегей ассоциацияға біріктіру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, такси көліктерінің бірыңғай стилі әзірленіп, компания өкілдеріне ұсынылды. Өз кезегінде таксомоторлы компания басшылары бірыңғай стильде көліктерін безендіруге дайын.

Туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін басқарма тарапынан бірқатар жарнамалық ақпараттық материалдар шығарылуда.

«SCAT» әуекомпаниясының «Аспан» борттық журналында ай сайын Шымкент қаласы туралы мақалалар жарық көруде, әуеборттарында аудиохабарламалар жарияланып, орындықтың артқы қалтасында Шымкент туралы бүктемелер орналастырылды.