Weekend
Мектепке дейінгі білім беру
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қазіргі уақытта Шымкент қаласында, электронды балабақша ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сүйенсек, 487 балабақша бар. Оған 59 мыңнан астам бүлдіршін барады.
Мәселен, білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы Шымкентте 426 балабақша болған. Екі жылдың ішінде қалада 60 жаңа балабақша ашылған.
- Шымкент қаласында барлығы 73 мыңнан астам бала бар. Яғни, бүлдіршіндердің 95 пайызы балабақшамен қамтылған, - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Айгүл Текебаева.
Бұлардың арасында 80 балабақша мемлекеттік болса, 407 балабақша – жекеменшік. Мемлекеттік балабақшаларда 21 мыңға жуық бүлдіршін барса, жекеменшік балабақшаларға 38 мыңнан астам бүлдіршін барады.
Шымкенттегі балабақшалардың ерекшелігі – мұнда өзбек тілінде де оқытатын балабақшалардың болуы. Әдетте, Қазақстандағы балабақшалар, негізінен, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және өзбек тілі мен ұйғыр тілінде тәрбие береді.
Жоғарыда аталған 487 балабақшаның 473-і қазақша тәрбие берсе, орыс тілінде 186-сы, ал өзбек тілінде 9-ы тәрбие береді.