Саясат

Алматы тұрғындарын қандай мәселе алаңдатады?

Қала тұрғындары Алматы басшылығы алдымен шеткі аудандардағы инфрақұрылымды дамытып, экология мәселесін шешу керек деп есептейді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы - 2050" даму стратегиясын 2019 жылдың 22 қарашасында жариялаған еді. Стратегияға қатысты қала тұрғындарынан әкімдіктің сайты мен әлеуметтік желідегі аккаунттарына мыңдаған ұсынып келіп түскен.

Қала халқы, алдымен, шеткі аудандардағы инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасалынып, қаладағы экология мәселесінің шешілгенін қалайды. Мегаполисте кәсіпорындардың көптеп ашылғаны дұрыс деп есептейді.

Стратегия деген қатып қалған нәрсе емес. Оған ұсыныс білдіруге болады. Әрбір істі қолға алып, оны жүзеге асырғаннан кейін тағы да сұрақтар туындайды, - деді Алматының қоғамдық кеңес мүшесі Қазыбек Шайх.

Айта кетейік, "Алматы - 2050" даму стратегиясы Елбасының тапсырмасымен әзірленген. Құжатта 7 бағыт қарастырылып, барлық әлеуметтік сала қамтылған. Ұсыныстар мен пікірлер толық жинақталған соң соңғы әрі нақты шешім 13 желтоқсан күні қалалық мәслихатта бекітіледі.