Экономика

Орта және шағын бизнес өкілдері «Алматы бизнес-2025» бағдарламасын талқылады

Алматыда 2020 жылы орта және шағын бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін 30 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматыда кәсіпкерлер күні аясында шағын және орта бизнес иелері "Алматы бизнес-2025" бағдарлдамасын талқылады.

Жоба аясында жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Олардың идеялары жүзеге асуы үшін қаражат бөлініп, оқыту семинарлары өткізіледі.

Кездесуде шағын және орта бизнестің ары қарай дамуына көмектесетін аспектілер қозғалды. Жиында кәсіпкерлер тарапынан көптеген сұрақ қойылды және оларға уәкілетті органдар толық жауап берді. Сондықтан бұл кездесу мен үшін де, оған қатысқандар үшін де өте пайдалы болды деп санаймын, - деді кәсіпкер Алмас Құсайынов.

Келер жылы орта және шағын бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін 30 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Биыл 155 адам грант алса, 230-дан астам көпбалалы ана өз кәсібін ашқан.