Weekend

Шымкенттік мектеп оқушылары «Тәуелсіздік тұғырым» атты челленджін бастады

Жас өркен

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкентте №129 мектептің оқушылары «Тәуелсіздік тұғырым» атты челленджін бастады. Жас өрендер еліміздің тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бастаған челленж Шымкент мектептері жалғады.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! -

деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы,1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік  таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Қазақстан тарихында бұл күн ешқашан ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәғгілік қалары анық.

Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан, туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп.

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды, бұл даусыз фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,- деп атап көрсетуіне үлкен мағына жатыр.