Weekend
10 кеңес
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Жалпы қоғамда өз орыныңды қалыптастырып, ортаңда сыйлы болу үшін дұрыс сөйлей білудің алар орыны орасан зор.
Бұл тұрғыда араб халқында «Тілде арыстан бар» деген мақал бар. Мағынасын "егер адам өз тілін еркіне жіберсе, өз арыстанына өзі таланып жан тәсілім береді" немесе "әуіре-сәрсең табады, сорлайды" дегенге саяды. Ендеше қалай сөйлемек керек, қайткенде әл-Фараби бабамыз айтқан ой көрігінен шыққан сөзді көз тартар кербез әшекейдей зерлеп шығара аламыз? Назарларыңызға сөзді сұңғыла сөйлеуге септігі тиетін он кеңесті ұсынамыз, кәдеңізге жарасын:
1. Әңгіменің тақырыбын біліңіз. Әңгіменің тақырыбына қаншалықты бейімделсеңіз, сізге әнгіме соғырлым қызықты бола түседі.
2. Әңгімелесіп отырған адамыңызға сыйластықпен қараңыз. Мейлі әңгімелесушінің жасы сізден кіші болсын, жұмыстағы беделі төмен болсын, ол себептер әнгімелесушінің парасатын білдірмейді.
3. Логикалық екпін, пауза және қыймыл-қозғалыспен қоса тіл шеберлігін меңгеріңіз.
4. Әңгіме айтқанда жанды сөздерді пайдаланыңыз; Метафора, образдар, теңеулер. Олар сіздің сөзіңізді құбылтып, басты сөзіңізге реңк береді.
5. Тілдік шаблондардан және жауыр болған сөздерден, сондай-ақ, паразит сөздерден аулақ болыңыз.
6. Бойыңыздағы биазылықты сақтаңыз.
7. Акцент және тілді шұбарлаудан аулақ болыңыз.
8. Әңгімелесушіні алдамаңыз, ақиқатты бұрмаламаңыз.
9. Сөзді драмалау технологиясын пайдаланыңыз. Оның темпін жылдамдату және баяулату, дауысты арттыру оның тембрін өзгерту.
10. Есте сақтаңыз: сіздің ақыл-парасатыңыз бен даналығыңыз, ақылыңыз бен адамгершілігіңіз зор ықпал ету күшіне ие.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61