Weekend

Шымкент студенттері Абайдың 175 жылдығына тәлімгерлік сағатын өткізді

Мерейтойға дайындық

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай тәлімгерлік сағаты өтті. 

Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізі түйінді таба білуге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Жиында сөз алған университет оқытушылары қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың өмірі туралы кеңінен мәлімет беріп, шығармашылығына жалпы шолу жасады.

Студенттер Абай шығармаларының танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болғаны туралы мәліметтермен танысты. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқып, Абайдың "Көзімнің қарасы", "Сегіз аяқ" әндерін нақышына келтіріп орындап, аталған іс-шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.