Weekend

Шымкенттегі мектепте «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты қалалық семинар өтті

Білім беру

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінде әдістеме орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Тәуелсіздік –баға жетпес байлығым» атты қалалық семинар өтті.


Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін дәріптеу, талантты оқушыларға қолдау көрсету мақсатында өткен жиынды «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе ағалар ашып, көпшілікті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Кеш барысында №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінде құрылған "Руна" домбырашылар ансамблі халық күйі “Тепең көкпен” сахна шымылдығын түріп, қаламыздағы №7 мектеп-лицейі, №75 мектеп-гимназиясы, №13 жалпы орта мектебі, №48 жалпы орта мектебі, №46 жалпы орта мектебі мен №6 жалпы орта мектебінің оқушылары ән мен күйден шашу шашып, өнер көретті.

Қалалық семинарды әдістеме орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Ақжарқын Усманова қорытындылап, іс-шара атсалысқан аталған мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арнайы алғыс хаттар тапсырылды.