Weekend
Іс-шаралар
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2019 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары жөнінде өткен баспасөз брифингін өткізді.
Мәдениет саласына 2019 жылға 3 406 524,0 мың теңге қаржы қарастырылған. 2019 жылдың 10 айында 2 326 773,0 мың теңгесі игерілді.
Жыл басынан бері ұйымдастырылған 8 ресми (Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Нұр-Сұлтан қаласы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасы Конституциясы күні) және 200-ге жуық мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, жыл соңына дейін 3 ресми (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл) және Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың 10 айында 5 кәсіби театрда 14 жаңа қойылым сахналанып, 1023 қойылым қойылды, 205 775 көрермен қамтылды. 6754 қайырымдылық іс-шара өткізілді.
«Цирк» мекемесінде 3 жаңа қойылым, 72 қойылым қойылып, келушілер саны 47 642 құрады. 38 гастрольдік қойылымға 15 454 көрермен қамтылды. 10 қайырымдылық іс-шара өткізілді.
«Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында, театрлар отандық, шетелдік шығармашылық ұжымдармен меморандум түзіп, гастрольдік сапарлары ұйымдастырылуда.