Саясат

Алматы әкімі Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік жылнамасында алматылықтардың да үлесі бар екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram-парақшасына жазды. Ол ел тағдыры шешілген шешімдердің Алматыда қабылданғанын, елдің егеменді мемлекет ретіндегі алғашқы қадамдары осы қаладан басталғанын айтты.

Тәуелсіздік жылнамасында алматылықтардың да үлесі бар екенін мақтан тұтамыз. Бұл жылдар бізге маңызды жетістіктер жылы болды. Алматы қаржы орталығы, бизнес және инвестициялар қаласы ретінде қалыптасты. Бүгінде мәслихат алматылықтардың пікірі ескеріле отырып әзірленген "Алматы - 2050" стратегиясын бекітті. Бұл құжат мегаполис дамуының негізгі бағдаршамы болмақ, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына.