Bugin

Қазақстандықтар үшін әлі таңсық Toyota көлігінің 5 түрі

Жапондар тек қана Camry, Prado шығармайды...

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Орта Азия елдерінің ішінде экономикалық жақтан бәсі жоғары әрі көлік нарығындағы ең бағалысын тізгіндейтіндердің қатарында оқ бойы озық тұрғаны – Қазақстан. Toyota көліктерінің түрлі үлгідегі нұсқасын жүргізетін қазақстандық жүргізушілер үшін әлі де таңсық бірнеше көлік бар. Аталған көліктер ел аймағында сирек кездесуі мүмкін, тіпті жоқ деуге болады.

Camry – "қазақтың көлігі" деп мақтанып алатын айтқыштар үшін бұл көліктер арман болып қалуы да ғажап емес.

Toyota Crown

Бұл көліктің ескі нұсқасын кездестіруге болады. Дегенмен көліктің бұл түрі әлі өндірістен шығып келеді. Соңғы үлгідегі Toyota Crown 2017 жылы пайда болды. Соңғы шығып жатқан Toyota Camry көліктері 9 200 000 теңгеден басталса, Toyota Crown көлігінің алғашқы бағасы 18. 8 млн теңгені құрайды.

Toyota Harrier

Harrier деген атауды естіген кезде көз алдыңызға Lexus RX маркасының оң жақ рөлі орала кетті ме? Бұл Toyota Harrier тек Жапон халқына арналған көлік. Сол елде ғана сатылады. Алғашқы бағасы 10 млн теңгеден басталады.

Toyota Innova

Қазақстандағы тас жолдарда кездесе бермейтін көліктің бірі осы Toyota Innova. Бұл микроавтобус Үндістанда, Таиландта, Индонезияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде қолданыста бар.

Toyota Century

Toyota Century – жапон маркасының флагманы. Модель 1967 жылдан бастап жарыққа шыққан. Centuryмаркасын қатардағы азаматтан бастап, жапон елінде императорға дейін тізгіндеген. Бұл көлік қазір жарыққа шығып жатқан Lexus LS көлігінен қымбат тұрады.

Toyota Etios Cross

Жалпы бұл көлікті ешкім ойына ала да бермес. Егер алдында тұрған көліктің маркасын алып тастасақ, тіпті «жапон өндірген бе?» деген сұрақ туындап қалуы мүмкін. Toyota Etios Cross алғаш тек Үндістанға арналып жасалған. Кейін Бразилия және Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктерінде сатыла бастады. Бұл джип тиіпті көліктің бағасы сіз ойлағандай 5 немесе 10 миллион теңге тұрмайды. Үндістандағы бағасы – 3.3 млн теңге. Көлік базарынан емес, судай жаңа түрін осы бағада сатып ала аласыз.