Weekend

Мәдениет орны: Алматыдағы театрлар жайлы не білеміз?

Алматыдағы театрлар

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы қаласындағы театрларға саяхат

М.Әуезов атындағы Қазақтың драма театры

М.О.Әуезов атындағы драма театрына 1937 жылы «Академиялық» мәртебесі, ал 1961 жылы ұлы жазушы драматург М.Әуезовтің есімі берілді. 1946 жылы театр «Еңбек қызыл Туы» орденімен, ал 1976 жылы «Елдердің достастығы» орденімен марапатталды.

Ол 1926 жылдың 13 қаңтары күні Қызыл Орда қаласында М.Әуезовтің «Еңлік Кебек» трагедиясымен ашылды. 1929 жылы театр еліміздің жаңа астанасы Алматыға қоныс аударды.

1982 жылы жаңа ғимаратқа көшті. Жоба авторлары: сәулетшілер О.Баймұрзаев, А.Қайнарбаев, М.Жақсалықов; инженерлер М.Плахотников, И.Брохович; суретшілер И.Нимец, Г.Завизионный. Театралды алаңда М. О. Әуезовке ескерткіш қойылған.

Театр қажетті цехтармен, құралдармен, жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілген. Театрдың үлкен залы 756 орынды, ал кіші залы 276 орынды құрайды. Бір жыл ішінде театрда 198 спектакль қойылады, орташа есеппен оған 91 281 адам қатысады. Театрдағы У. Шекспирдің «Гамлет» пен «Ромео мен Джульетта», Г. Гауптманның «Күн ұясына кірер алдында», Н. Гогольдің «Үйлену», М. Әуезовтің «Абай», «Айман-Шолпан» және «Қаракөз», И. Сапарбаевтің «Сыған серенадасы», Т. Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той», Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғанша», Д. Исабекованың «Жаужүрек», Ү. Ғаджыбекованың «Аршын мал алан» қойылымдары үлкен сұранысқа ие.

Театрдың жетекші әртістері: А.Әшімов, С.Оразбаев, Т.Жаманқұлов, Х.Елебекова, Тастанбеков, З.Шарипова, Н.Мышбаева, Т.Тасыбекова, Б.Имашева және т.б.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 1934 жылдың 13 қаңтарында Мұхтар Әуезовтің либреттосында «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымымен ашылды. Спектакль Қазақ драма театрының сахнасында өтті.

Театр ғимараты 1936-1941 жылдары салынды. Жоба авторлары - сәулетшілер Н.А.Круглов, Н.А.Простаков және Т.К.Басенов; безендіруші-суретшілер В.Крошин, Н.Цивчинский.

Бүгінде 789 орындық көрермен залы бар. Жылына 200 балет және опералық спектакльдер қойылады, оны 70 мыңдай көрермен тамашалай алады. Соңғы жылдары «Тангейзер», «Лючия ди Ламмермур», «Трубадур», «Любовный напиток», «Томирис», «Богема» опералары; «Легенда о любви», «Тлеп и Сарыкыз», «Ромео и Джульетта», «Красная Жизель», «Анна Каренина» сынды балеттер қойылып жүр. Бүгінгі таңда атақты театрдың бай дәстүрлерін сахнада Н.Үсенбаева, Ж.Баспақова, Ш.Абилов, С.Ищанова, Б.Букенов, М.Мұхамедқызы, С.Рахмедова, Қ.Сарқытбаева, Д.Сушков, Ф.Буриев, А.Жексенбек, А.Асқаров, Жәнібек Усин сияқты атақты әншілер жалғастыруда.

Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры 1946 жылдың 4 шілдесі күні А.Толстойдың «Алтын кілт» пьесасы бойынша қазақ тілінде тұңғыш рет спектакль қойып, ресми түрде тұсауын кесті. Бұл спектакльді Кеңес Одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н.И.Сац қойды. Ол Қазақстандағы жас жеткіншектерге арналған театрдың ашылуы мен қазақ труппасының өз алдына шымылдық көтеруі жұмыстарына тікелей бел шеше араласты.

Бүгінде, театр ұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолдағы ұлағатты да дәстүрлі үрдіс құндылықтарын сақтай отырып, шығармашылық жаңа белестерге жету жолын-дағы ізденіс қарымын одан әрі шыңдап келеді.

Бүгінде театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Оның 60-тан астамы әртістер. Қалғаны әкімдік, шығармашылық құрамның жетекші қызметкерлері мен техникалық құрам жұмыскерлері.

Мемлекеттiк қуыршақтар театры

Қуыршақтар театры, республикалық 1935 жылы қазақ және орыс труппаларымен құрылған.

Жыл сайын қуыршақтар театры 25 000 көрермен қатысатын 300-ден астам спектакль көрсетеді. Театр репертуарында, тақталы қуыршақтардың қатысуымен 40 спектакль бар. Репертуарының негізі – халық әрі әдеби, шығыс әрі шетелдік ертегі мен аңызы. Қазіргі кезде «Қаңбақ шал», «Атамекен», «Алладиннің сиқырлы шамы», «Мереке жалғасуда», «Тарқамайды тойымыз», «Үш торай», «Али баба және 40 қарақшы», «Ертегінің қонақтары: шалқан», «Маша мен аю», «Теремок», «Керуен-Дала», «Чемпион Қожа», «Кішкентай бақаның үлкен хикаясы» мейірімділік, батырлық, әділеттік, достастық тақырыптары мен замандауи этикалық мәселелерді қозғағандықтан, көрермендер арасында үлкен сұраныста.

Ұжымның шығармашылығымен Қытай, Ресей, Иран, Түркия, Болгария, Жапония, Чехия тағы көптеген басқа елдерінің көрермендері таныс. Театр талантты әртістер, қуыршақтану-шеберлер, режиссерлер мен суретшілердің бірнеше ұрпақтарын өсіріп тәрбиеледі. Қазір театрдің дамуына көп жылғы еңбек өтілі бар қуыршақтану-шеберлер: еңбегі сіңген әртістер – С. Абуева мен Л. Печорина; актерлер – В. Беркин, К. Ильясова, Д. Бейсенбаев, бас суретші – Е. Яшнев; қоюшы режиссер С. Мақұлбеков – ҚР мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегерлері үлкен үлес қосуда.