Саясат

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл қойылды

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсздік күні. Биыл егемендікке 28 жыл толды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Тәуелсіздік монументіне гүл қойылды. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-парақшасына жазды.

Бұл атаулы күннің оңайлықпен келмегенін өзімізге және өскелең ұрпақтың санасына тағы еске саламыз. 28 жыл бұрын біз Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына топтасып, осы арманымызды жүзеге асыра алдық, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына.

Қала әкімі Алматының тарихи өзгерістердің ортасында болғанын да еске алды.

Алматылықтар бейбітшілік пен тыныштықтың маңыздылығын бір кісідей біледі. Біз қаланы көркейте отырып, отбасы игілігі үшін ертеңге деген нық сеніммен өмір сүріп, жұмыс істей аламыз. Сүйікті Отанымыздың Тәуелсіздік күні құтты болсын, достар! - деп жазды қала басшысы.