Weekend
Қаладағы шетелдік театрлар
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]М.Лермонтов атындағы Орыстың драма театры
846 орындық «Лермонтов театры» жеке меншік ғимаратта орналасқан. Ол 1969 жылы құрылған. Сәулетшілер: Г.Горлышков, В.Давыденко, М.Былинкин, В.Руденко; инженер М.Глебова.
1933 ж. құрылған, алғашқы қойылым Семей қаласында болды («Любовь Яровая» К. Тренев пьесасы). 1934 жылы Алматы қаласына НКВД клубының жаңа ғимаратына көшіп барды. Бұл ғимаратта опералық және драмалық спектакльдер қойылып, салтанатты және қоғамдық-қаралы шаралар өткізілді.
Театрдың алғашқы әртістері: Е.Кручинина, З.Морская, С.Ассуиров, М.Бранд; режиссерлер: Л.Варпаховский, М.Гольдблат, Г.Товстогонов, Б.Бибиков, Я.Штейн, А.Соломарский, М.Сулимова, А.Мадиевский. Театр репертуарында М.Әуезовтің «Қобыланды» мен «Түнгі гүріл», Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат туралы поэма» тағы басқа қазақ классиктердің шығармалары бар.
1964 жылы Михаил Юрьевич Лермонтовтың 150 жылдығына орай театрға ақынның есімі берілді. 1974 жылы Мәскеудегі сәтті сапардан кейін театрге академиялық атақ берілді.
Театрдың спектакльдеріне қазақ әртістері де қатысады. Мәселен, Х.Букеева «Иван Грозный» пьесасындағы Мария Темрюковнаның рөлін, А.Жолымбетов – патшаның, Ш.Айманов – «Терең тамырлар» спектаклінде Бреттаның рөлін, Н.Жантурин «Порт Артур» спектаклінде Звонаревтің рөлін ойнаған.
Театрдың жетекші әртістері: Г.М.Бойченко, Л.В.Нэльская, Ю.Б.Померанцев, Г.Н.Балаев, Т.П.Банченко, В.А.Гришко, Н.В.Долматова, Н.Л.Жмеренецкая, А.А.Зубов, Ю.Н.Капустин, М.М.Токарев, В.В.Толоконников, М.Ю.Ганцева, А.Н.Креженчуков, И.М.Лебсак, И.В.Личадеев, В.Д.Зинченко.
Н.Сац атындағы Орыстың балалар мен жасөспірімдер театры
Алматы қаласындағы Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының негізін қалаушысы – дүние жүзіндегі алғашқы балалар театрын 1918 жылы және одан басқа әлемде балаларға арналған 60 шақты театрдың құрастырушысы Наталья Ильинична Сац.
Ал 1945 жылдың 7 қарашасында алматылық кішкентай балалар алғаш рет театрдың табалдырығын аттады.
Жасөспірімдер театрының негізін қалаушылар – еліміздің өнер тарихында елеулі еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері – С.Эйзенштейн, Н.Черкасов, В.Марецкая, В.Луговской және т.б.
Жасөспірімдер театрының дамуындағы әр кезең жаңа формалар мен айқындық құралдарын іздеумен аталып өтті. Наталья Сацтың дәстүрлерін дамытуда, келесі режисерлер И.С.Барон, А.Л.Мадиевский, В.Жезмер, Е.Прасолов театрды жаңа ашылулармен байытты.
Қазіргі кезде театр репертуарындағы А.Пушкиннің «Сказка о царе Султане», К.Чуковскийдің «Муха-Цокотуха», С.Михалковтың «Зайка-зазнайка», С.Козловтың «Золотой чай», Г.Данатаровтың «Сказка про Нолик, без которого не наступит завтра», Е.Прасоловтың «Сказка о золотом троне, голубом цветке и старой домбре», О.Емельяновтың «Волшебная лампа Аллдина», Р.Сеф пен Н.Карелинаның «Две Бабы-Яги», Е.Шварцтың «Красная шапочка», Гримм ағайындылардың ертегісі бойынша «Белоснежка», В.Токареваның әңгімесі бойынша «Талисман», И.Бабельдің «Закат», А.Грибоедовтың «Горе от ума», У.Шекспирдің «Ромео и Джульетта», Ш.Айтматовтың «Белое облако Чингизхана», А.Гайдардың «Тимур и его команда» және С.Маршактың «Кошкин дом» спектакльдері негізгі сахнада қойылады.
Неміс драма театры
1975 жылдың 6 ақпанында Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің бұйрығымен қазақ жеріндегі алғашқы неміс театрының іргесі қаланды. Театрды ашудағы басты мақсат – республикада өмір сүретін неміс халқының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын сақтап, өсіп келе жатқан ұрпақ қамы үшін оны әрі қарай дамыту болды.
Театр шымылдығы неміс жазушысы Александр Райменгтің «Алғашқылар» пьесасымен ашылған. Театрдың актерлік труппасының негізгі құрамында алғашқы болып Мәскеудегі М.С.Щепкин атындағы театр училищесінің түлектері құраған. Театр репертуарында орыстың және немістің классиктерімен қатар осы заманғы шетелдік шығармалар да сахналанған. Мысалы: Г.Э.Лессингтің “Эмилия Галотти”, Ф.Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат”, Н.В.Гогольдің “Үйлену”, Б.Брехтің “Үш тиындық опера” А.Н.Островскийдің “Ұлық болсаң кішік бол”, В.Борхерттің “Көшеде, есік алдында”, Ф.Дюренматтың “Физиктер”, Х.Калаудың “Етік киген мысық”, т.б. жазушылардың туындылары қойылған.
1989 жылы театр Алматы қаласына көшірілді. Жаңа құраммен толыққан неміс театры қарқынды түрде жұмысын бастап кетті. Труппа құрамы өзге ұлт өкілдерімен толыға бастады. Бұл өз кезегінде театр болмысына тікелей әсер етіп, өзгерістер орын алды.
Бүгінде Неміс Драма театр репертуарында француз жазушысы Эрик-Эммануэль Шмитттің «Оскар и Розовая Дама», австриялық жазушы Эдён фон Хорват «Дон Жуан приходит с войны», сондай-ақ М.Бартеневтың «Счастливый Ганс», Х.Бергертің «По одежке протянешь ножки», СМрожектің «Свобода» т.б. қойылымдар бар.
Кәріс музыкалық комедия театры
Музыкалық комедия театры, мемлекеттік республикалық кореялық 1966 ж. бастап республикалық театр атағын алды.
Театрдың көрермен залында 198 орын бар. Жылына театр 50-70 шара өткізеді, оған 35 000 көрермен қатысады. Театр музыкалық, сахналық, вокалды-хореографиялық өнер көрсетіп, ұлттық классик пен фольклор шығармаларынан, орыс және қазақ әрі шетелдік спектакльдерін қояды.
«Ариран» ансамблі мен ұлттық балет тобы құрылғаннан бері гастрольді сапары кеңейтілді.
Театрде драмалық топ, әншілер, вокалистер, «Самульнори» фольклорлық-этнографиялық топ, би тобы және «Премиум» квартеты жұмыс істейді. Жетекші әртістер: А.Мун, Р.Лим, М.Пак, З.Ким, В.Ли, Г.Ким, А.Пяк, Э.Пак, Р.Цой, А.Цой және т.б.
Ұйғыр музыкалық комедия театры
1934-жылы қыркүйек айында Алматыда алғаш ашылған кәсiби Ұйғыр музыкалық-драма театры, қиын тарихи дағдарыстарға қарамастан өз ұйымын құра бiлген және өз көрермендерiн мықты шығармаларымен, бүкiләлемдiк классика үлгiлерiмен таныстыра отырып, өзінің ұлттық драматургиялық деңгейiн де жоғары көтере бiлген.
Театр сахнасында ұлттық драматургиямен бiрге Горький, Шекспир, Гоголь, Гольдони, Мольер, Погодин, Ауэзов, Яшен, Қаххар сияқты дүние классиктерiнiң шығармалары қойылған.
Өткен жылдар iшiнде Ұйғыр театрында үлкен өнер майталмандары жетіліп жоғарғы сатыға көтерiлген. Олар А.Шамиев, С.Саттарова, М.Семятова, М.Бакиев, Р.Илахунова, З.Акбарова, Н.Маметова, Қ.Абдурасулов, А. Әхмәдий, М.Әхмәдий, Ж.Асимов, Г.Жалилов, Х.Илиева, М.Зайнаудинов, А.Супиев, Р.Тохтанова, А.Акбаров, Т.Бахтибаев. С.Исраилов, М.Рахманова, К.Закиров, Г.Саитова, Р.Саттарова, Р.Махпирова, А.Акбарова, А.Айсаев.
1967-жылдан бастап Ұйғыр музыкалық-драма театры «Ұйғыр музыкалық комедия театры» деп аталды. Бұл күнде Ұйғыр музыкалық комедия театры: драма труппасынан басқа, «Нава» фольклорлы ансамблi, «Сада» жастар вокалды хореографиялық ансамблi, «Рухсара» би ансамблiне бөлiнедi.
2002-жылы Ұйғыр театры өзiнiң жаңа өмiрiн жаңа ғимаратта бастады. Ғимаратты ашу салтанатына Қазақстан Республикасы президентi Н.А.Назарбаев қатысқан.