Weekend
«Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы диалог-әңгімелесу
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Аталмыш шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сұқбат алаңына қатысушылар Елбасымен жеке кездесулерін әңгімелеп, алған әсерлерімен бөлісті.
Қонақтар мен қатысушыларға «Елбасы және Қазақстан жастары» атты деректі көрме мен фотокөрме және «Елін сүйген, Ел сүйген - Елбасы» кітап көрмесі ұсынылған болатын.
Сондай-ақ, Достық үйінің баспасөз залында жастар үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі және көркем фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.
«Қазақстанның тәуелсіздік тарихы – Елбасының атымен тығыз байланысты. Ол жаңа Қазақстанның негізін қалаушы! Елбасының арқасында еліміз кысқа мерзім ішінде қөптеген маңызды жетістіктерге жетті. Мықты экономика, әлеуметтік мемлекет, тұрақты саяси жүйе, ұлтаралық келісім, сыртқы аренадағы Қазақстанның жоғары беделі – осының бәрі Елбасының тікелей бастамасымен атқарылған жұмыстың нәтижесі. Бұның бәрі Қазақстанның жарқын болашаққа қадам жасауына негіз болып табылады», - деді өз сөзінде Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61