Саясат

Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке келді

Мемлекет басшысының жарлығы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдарының кандидаты. 

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 

1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 

1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 

1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 

2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 

2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 

2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018). 2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 30 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған. «Құрмет» орденімен (12.2007); «10 жыл Астана» медалімен (2008); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.