Саясат
Венесуэлаға көмектеспек
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Боливияның Уақытша үкіметі Венесуэла дағдарысын реттеуге көмек көрсету үшін Лима тобына қосылуға шешім қабылдады. Бұл туралы республиканың сыртқы істер министрлігі 22 желтоқсан күні хабарлады.
- Боливия Лима тобына кіргені туралы хабарлайды. Венесуэладағы дағдарысты бейбіт және демократиялық жағынан шешілуі үшін Боливия осындай қадамға барып отыр, - делінген ведомство хабарламасында.
Лима тобы 2017 жылы 8 тамызда Перу астанасында құрылды, онда Президент Николас Мадуроның бастамасымен референдумсыз шақырылған 12 елдің өкілі (Аргентина, Бразилия, Гватемала, Гондурас, Канада, Колумбия, Коста-Рика, Мексика, Панама, Парагвай, Перу және Чили) Венесуэла Конституциялық Ассамблеяссын мойындамау туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Кейін топқа Гайана мен Сент-Люсия қосылды.
Боливия бұл ұйымға мүше болған емес. Бұрынғы президент Эво Моралес Мадуроны жақтайтын. Ал Моралес биліктен кеткеннен кейін Боливия да аталмыш топқа енуге бел буған көрінеді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61