Weekend

Тарихыма үңілсем...

Арнау

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Еліміз бүгін қоғам дамуының жаңа жолына түсті. Бұғанасын бекітті, керегесін кеңейтті, Елтаңбасын дүниенің төрт бұрышына жұлдыздай жарқыратты, Әнұранын әлем төрінде әуендетті, көк байрағын көкте желбіретті. Ендігі елдің болашағы біздің қолда. Тамыры терең тарихымызды ұлықтау әрбіріміздің міндетіміз! 

Тариxыма үңілсем. 

Дараның сөзі, даланың үні, 

Қазақтың басты нақышы. 

Ділі мен діні, тілі мен жыры, 

Қазақтың мәңгі бақ құсы. 

Дариядай дарxан, қош көңіл, 

Халқымның асыл белгісі. 

Бір түннің емес, мың күннің, 

Қиссасы, арғы-бергісі. 

Сақ пенен ғұнның ғұмыры, 

Кешегі алаш – біз қазақ! 

Теңселмей , табан тіреген, 

Жеңісі мәңгі! 

Бұл ғажап! 

Қытай да, жоңғар, ойрат та, 

Күйрете алмай xалқымды. 

Бастырмақ болып еңсесін 

Құртпақ болып алқынды. 

Шығыс пен батыс елдері, 

Соғысты. Руxты жеңбеді. 

Тариxтан қайсар қазақты, 

Жоюдың реті келмеді.

Жоймады жауы себебі, 

Намысы мықты ел еді. 

Бүгінгі күнге жеткізген, 

Тәуелсіздіктің дерегі. 

Айбатты, текті, өр елім, 

Сен менің мәңгі кемерім. 

Бабамның жеткен қанымен, 

Арымды сақтап келемін! 

Кешегі Абылай, Хан Тәуке, 

Қасым мен Есім жолдарын, 

Жеткізіп таңға бүгінгі, 

Елбасым ерен қолдады. 

Бүгінде таңым арайлы, 

Бүгінде күнім тым жарық. 

Тәуелсіз күнім бұл күнде, 

Қатардан қалмас бір қалып. 

Дәстүрім менен тілім бар, 

Санада сәуле нұрым бар. 

Еліме деген шынайы 

Жүректен шыққан жырым бар!

Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы 

ҚАЗҰУ-нің "филология жәнн әлем тілдері факультетінің студенті