Экономика

Ғасыр келісімі: Өзбекстан Жапонияға 1 млрд долларға уран сатпақ

Өзбекстан уран сатудан көшбасшылыққа ұмтылуда

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өзбекстан жеті жылдың ішінде Жапония компанияларына құны 1 млрд доллар болатын уран тасымалдауды іске асыратын болды. 

Бұл туралы президенттің 28-желтоқсанда қабылдаған қаулысында көрініс тапқан. Келісімге сәйкес, уран 2023-2030 жылдары тасымалданады. 

Ұзақмерзімді келісім бір жағында өзбекстандық Навой тау-металлургия комбинатымен, ал екінші тараптан Marubeni компаниясымен 510,1 млн долларға және Itochu компаниясымен 636,4 млн долларға жасалған. 

Құжатта қанша көлемде уран жеткізу жайлы жазылмаған. 2017 жылы Өзбекстан америкалық Nukem компаниясына 300 млн долларға уран жеткізу туралы келісім жасасқан еді. Ал өткен жылы дәл осындай келісім Үндістанмен жасалды.