Экономика
Мемлекеттік қызметтен өмір бойға аластатылды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Сәтпаев қаласының ТҮКШ бөлімінің басшысы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Мұны Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
- Сәтпаев қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы К.Ш.Кунедиловаға алаяқтық арқылы «Хлебстрой» ЖШС директорынан 1 млн 200 мың теңге пара алмақ болды деген күдік тағылып отыр, - делінген хабарламада.
Сәтпаев қалалық соты 17 қаңтар күні шенеунікке алаяқтықпен айналысты деген айып тағып, 12 млн теңге көлемінде айыппұл салды.