Экономика

Сеул коронавируспен күресу үшін Пекинге бес миллион доллар бөлмекші

Сондай-ақ 2 миллион маска, 100 мың қорғаныс костюмі мен көзілдірік жеткізеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оңтүстік Корея үкіметі Қытайға жаңа коронавируспен күресу үшін 5 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді ҚР СІМ. Бұл туралы mk.ru хабарлайды.

- Біздің үкімет жаңа коронавирустың тез таралуынан зардап шегіп жатқан Қытайға жедел түрде 5 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетуді ұйғарды, - деді СІМ.

Үкімет сондай-ақ Ухань қаласына жақын орналасқан Чунцинь қаласына 300 мың долларға көмек көрсетпек, одан әрі басқа өңірлерге де қосымша көмек көрсету туралы шешім қарастырып жатыр және бұл туралы Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея Қытайға екі миллион маска, 100 мың қорғаныс костюмі мен көзілдірік және басқа да медициналық зат жеткізеді.

Гуманитарлық көмектің бір бөлігі чартерлік рейспен жеткізіледі, он бейсенбі күні Ухань мен оның маңайындағы Оңтүстік Кореяның 360 азаматы алып кетуі тиіс. 

Оңтүстік Корея Ухань және оның төңірегінде тұратын 700-ге жуық азаматын төрт чартерлік рейспен, 30 және 31 қаңтарда екі рейспен эвакуацияламақшы. Брифингте Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қытай үкіметі 30 қаңтарда осы уақытқа дейін тек бір рейсті мақұлдады, сонымен қатар эвакуациялау туралы өтініштер АҚШ пен Жапониядан да келіп түсіп жатқандығын атап өтті, сондықтан ұшуға рұқсат кезектілікпен беріледі. Оңтүстік Корея үкіметі әлі де қалған үш рейсті орындауды жоспарлап отыр, бірақ олардың кестесі әлі белгісіз.