Weekend

Вирустан қорғайды: Қытайда сиқыршылардың дәурені жүріп тұр

Алаяқтық артқан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қытайдағы вирус халықты түрлі жолмен қорғануға итермелеп жатыр. Вирустың ошағы саналатын Хубэй аймағының тұрғындары жергілікті сиқыршыларға жүгінетін болған.

Тәртіп сақшылары Хубэй аймағындағы Цэлян ауылында екі сиқыршыны тұтқындаған. Олар тұрғындарды дуа мен сиқыр арқылы вирустан және ажалдан қорғайтынын айтып, ақы алған. Сиқыршылар өз қызметтерін 50-70 юань аралығында бағалаған. Кей сәтте ақша орнына тірі тауық немесе үйректі қабылдаған.

- Тәртіп сақшылары екі сиқыршыны тұтқындап, ауыр жаза күтіп тұрғанын айтты. Қазіргі таңда Қытайда вирусқа байланысты түрлі алаяқтық фактілері мен ақпаратты бұрмалау жолдары тіркелуде, - дейді RFA сайты.