Саясат

Жириновский: Ресейге Қазақстан арқылы күні-түні қытайлар кіріп жатыр, кіріп жатыр

Қытайлар Ресейге Қазақстан арқылы кіруде

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Қытайда пайда болған қауіпті індетті таратпау үшін Қытаймен шекараны жабу аз" дейді Жириновский. 

Ресей саясаткері әуе жолдарын ғана жауып қоймай, сонымен қатар көлік жолдарын да жабу маңызды екенін атап өтті. 

- Біз шекараны жаптық, үкіметтің бұл әрекетін қолдаймыз, дұрыс. Алайда жабылмай, үңірейіп тұрған бір саңылау бар. Қазақстан арқылы қытайлар күні-түні автобустарға отырып, көлік жолдарымен Ресейге кіріп жатыр, кіріп жатыр, — деді Жириновский.

Жириновский бұл мәселені жедел әрі барынша қатаң шешуге шақырды. "Көлік жолдарын жауып, автобустарды кері қайтару керек немесе Қазақстан-Қытай шекарасын тас бекіту қажет", - деді ол.