Weekend

Әлемдік экономикаға қарсы қытайлық коронавирус

Короновирус

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коронавирус әлемдік экономикалық дағдарысты қайта жандандырды. Осыған орай Қытай зауыттарындағы жұмысшыларға карантин жарияланды. Дегенмен батыс экономистері өлім ағыны  - «қара аққу» болып, планетанының өзге де планеталарын қамтиды деп болжауда. 

Осы уақытқа дейін вирус Қытайда жүздеген адамның өмірін қиды және біртіндеп бүкіл әлемге таралып жатыр. Егер инфекция жаһандық пандемияға ұласса, ол әлемдік экономикаға 2008-2009 жылдардағы дағдарыс секілді қауіп төндіруі мүмкін.

Әлем осы дағдарыстан соң, он жылдан кейін өз қалпына келген еді. Қазір болса оған жағдай жоқ. Өйткені  әлемнің жетекші үш экономикасы - АҚШ, ЕО және Қытайда түрлі кикілжіңдер орын алуда. Алдымен Brexit, содан кейін сауда соғысы, ал қазір - коронавирус оқиғасы басталды.

2002-2003 жылдары SARS ретінде белгілі Қытайда басталған вирус, 25 елге таралған-ды. Ол вирустан шамамен 800 адам қайтыс болды. Кейбір бағалауларға сәйкес бұл әлемдік экономикаға 40 миллиард доллар зиян алып келді. Бірақ сол уақытта Қытайдың жалпы өнімнің мөлшері жылына 1,7 трлн доллардан аспады. Ал қазір оның экономикасы 9 есе үлкен - 15 трлн доллар.  Оның әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 4%-дан 17%-ға дейін өсті. Алайда ауру тараған кезде қытай экономикасының тоқсандық өсуі 2 пайыз төмендеп кетті. Демек, биыл да Қытайға оңай болмайтын көрінеді. 

Сондықтан коронавирусты оқшаулау мүмкін болмайды. Шындығында, Sars вирусының таралуы ұзақ болған жоқ. Және оның әсері - шамалы. Алайда негізгі құрбан - Қытай вирусы болмаса да, Қытай экономикасы біршама әлсіреді. Өткен жылы ол тек 6,1%-ға өсті. Бұл ғасыр соңынан бері болмаған көрсеткіш еді.

Қытай өнеркәсіптік және тұтыну тауарларын (әсіресе электроника) өндіруге арналған негізгі әлемдік жеткізуші болып табылады. Бұл әлемдегі барлық жеткізілімдердің бестен бір бөлігі және аймақ елдерінде шамамен 40% құрайды. Вьетнам, Оңтүстік Корея, Камбоджа, Сингапур және Жапония да Бейжіңнің шетелге топтық сапарларға тыйым салу туралы шешімінен зардап шегеді. Оған қоса бұл дәстүрлі жаңа жылдық қытайлық туристер ағынынан айырды. Өнеркәсіп тежеліп, қазба шикізат жетпесе, Австралия мен Бразилияға үлкен шығын әкелуі мүмкін.

Еуропа мен Америка Құрама Штаттарына қауіп біршама төмен. Әзірге олар негізінен қытай туристерінен және қымбат тауарларды тұтынушыларды жоғалтуы мүмкін. Арзан экономика тек батыс елдерінің экономикасына қолдау көрсетеді.Әрине, қытай компоненттерінің бұзылуы батыстағы бизнесте балама жеткізушілерді іздеуге мәжбүр етеді.Бұл  қосымша шығындарды талап етеді және пайданы азайтады.