Саясат

Қытай басшысы Си Цзиньпиннің мешітке барғаны рас па?

Қытай басшысы мешітке барды ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Facebook және Twitter әлеуметтік желісіне Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің мешітке барғаны туралы бейнеролик жарияланды. 

Роликтің астына "Қытай басшысы мұсылмандардың вирусты жеңіп шығуына дұға жасауын сұрады" деп жазылған.  

Алайда фактілерді тексере келе, бұл осыдан 4 жыл бұрын түсірілген видео екені анықталды. Си төраға Иньчуань қаласына барғанда жергілікті мешітке кіріп шыққан көрінеді.

The Quint басылымы "Қытай билігі бұл видеоны қазір арнайы шығарып отыр, өйткені әлем және мұсылман халықтары алдындағы рейтингін көтергісі келеді" деп жазды.