Саясат

Сирия сойқаны: Түркия Асадтың жүздеген әскерінің көзін жойды

Соғыс қыза түсті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Анкараның мәліметі бойынша Түркия жасағы Идлиб маңында өзін қорғау мақсатында Асад әскерлеріне соққы жасауда. 

Идлибте Түркия Асад әскерінің 115 нысанына соққы берген. Бұл туралы 10 ақпанда Түркияның қорғаныс министрлігі хабарлады. 

- Жауап ретінде 115 нысанаға соққы жасалды. 101 сарбаз, үш танк, екі зеңбірек пен тікұшақтың көзі жойылды. Өзімізді қорғау мақсатында соққы жасауды жалғастыратын боламыз, - деді Түркия қорғаныс министрлігі. 

Дүйсенбі күні Асад әскерилері Түркия сарбаздарына шабуыл жасап, 5 сарбаз көз жұмған болатын. Анкара бірден соққымен жауап қайтаруда.