Bugin

Ақша ма әлде алдау ма?

Қара қазан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Соңғы уақыттарда әлеуметтік желілерде тарап жүрген бұл ақша пирамидасын бәрі көріп үлгерген шығар. 

Айтуынша небәрі 11300 теңге салу арқылы сіз 2 күннің ішінде 114000 теңге алуға болады деп таратқан. Кейбір "рекламщиктер" мұны шын деп, расымен сондай ақша алғанын жазып түрлі ақпарат-хабарламалар таратып үлгерген. Былтырғы жылдың мәліметіне сүйенсек 2019 жылы осындай іске ұқсас 40- қа жуық іс қаралған. Қазіргі кезде бұл хабарлама тексеру үстінде.

Негізінде бұл әлеуметтік желі арқылы адамдарды оңай алдап, тез және қиындықсыз ақша жинап алудың түрі. Бәріміз инстаграм желісінде оқып жүрген "үйде отырып ақша табуды үйрентемін, айына 300000 мыңнан аса ақша табу..." деген секілді алаяқтардың ойлап тапқан ойыны. Сондықтан мессенджерлерден келген хабарламаларға сеніп, біреудің қалтасын қалыңдатуға құмар болмаңыз.