Денсаулық
Коронавирустың қашан тоқтайтыны белгілі болды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Дәрігердің айтуынша, күн жылыған соң кейбір елдерде коронавирус індетінің тарауы тоқтайды.
«Коронавирус ультракүлгін сәулелерге төзе алмайды. Наурызда вирус тоқтайды, себебі күн сәулесі болғанда вирус шыдай алмайды. Ал мамырда бұл індет аяқталады. Дегенмен вирус ешқайда кетіп қалмайды, ол тұмау ретінде тарала береді, бірақ оны жұқтыратындардың саны күрт азаяды», - деді Саят Қауметбаев.
Сондай-ақ сарапшы кейбір елдерде халық саны көп болғандықтан, індет бірден тоқтай қоймайтынын айтады.
«Әрине, халық көшеде топ-топ болып жүреді, содан бір-біріне жұқтырады. Бір Уханның өзіне Қазақстан тұрғындарын сыйғызуға болады», - дейді ол.
nege.kz